Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ

08 Nov 2022 0 comment Оқылды: 52 рет

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Зекет және қайырымдылық қорының “Ел үлесі пәтерге” жобасы бойынша Республика бойынша 614-ші үй, Жетісу облысы бойынша 98-ші үй, Алакөл ауданы бойынша 10-шы үй табысталды

Баспана иесі атанған Ақжар ауылының тұрғыны жалғыз басты ана Наталья Владимерқызы ауданның бас имамы Әнет Омарханұлына жазған өтінішінде өзінің баспанасы жоқ екенін әрі Ақжар ауылындағы учаскелік полиция пунктінің бір бөлмесінде уақытша тұрып жатқанын айтып өтініш қалдырған болатын. Аудандық зекет және қайырымдылық қорының өкілі Ербол Зархум Натальяның өтініші бойынша тұрмыс-тіршілігін біліп, шынымен баспанаға мұқтаж екенін анықтады. Нәтижесінде мешіт тарапынан Ақжар ауылының орталық көшесінен өзінің өтініші бойынша үш бөлмелі үй алып берілді.
Ауыл тұрғындары да Натальяның баспаналы болғанына өз алғыстарын білдірді.
Наталья Владимерқызы да қайырымды істің ұйымдастырушылары болған мешіт имамдары мен барлық қайырымды жандарға шын жүрегімен рахметін айтып, алғыс білдірді.
Алла баспанасы жоқ барша жандарға баспана нәсіп етсін! Өзгені де өзіндей көретін қайырымды жандар көп болсын!
Қайырымды шараға атсалысқан барша ізгі жандарға Алла разы болсын!
Әлі де алдағы уақытта осылай қуаныш сыйлайтын күндеріміз көп болсын!

Алакөл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/4022-el-lesi-p-terge.html#sigProIde7301d7390

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз