Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Алғысын алсаң қарттардың, кеңейе берер қатарын.

21 May 2015 0 comment Оқылды: 1271 рет

    Қасиетті Рамазанның алдыңғы екі айы, Ережеп пен Шағбан айлары екені баршамызға мәлім. Демек, ислам дінінде орны ерекше еленетін Шағбан айының алғашқы күнінде Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен өткен, Талдықорған қалалық Политехнология колледжінің бұрынғы ұстаздарды, яғни қарт зейнеткерлерге арналып ас берілді. «Қонақ келсе құт болар» демекші, келген қонақтарды Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің найб имамы Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлы жылы лебізімен қарсы алып, шапағаты мол шағбан айы туралы уағыз айтты. Мешітке арнайы келген қонақтар, кезегімен жақсы тілектерін айтып, ислам дінінің құндылықтарына,  оразаның адам баласының денсаулығына, әрі- рухани тұрғыдан да сауабының мол екенін тілге тиек етті. Осындай қайырымды да беркелі іске қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын  жаудырып тарқасты.

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз