Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/public_html/images/060920015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/060920015

РАНТ мүшесі Жетісу жерінде

06 Sep 2015 0 comment Оқылды: 1286 рет

{gallery}060920015{/gallery}Республикалық ақпараттық насихаттық тобы облыс мешіттерінде насихаттық жұмысын жалғастыруда. Жуырда топтың мүшесі Бауыржан Әлиұлы Талдықорған өңірінде әсерлі уағыздарымен жамағатты қанықтырып кетті.

Бейсенбі кунгі шам намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы  Ахмадиев Серікхан қажы діни басқармадан келген ғалым Бауыржан Әлиұлын таныстырды. Бауыржан Әлиұлы фиқһ және шариат мәселелеріне тоқтала кете, дәріс түріндегі уағызында жамағатты ынтымақ пен бірліктің маңыздылығына айта, Құран сүрелерімен аяттарын тәпсірлеп берді.

Ертесіне, яғни қасиетті жұма күніндегі жұма намаз алдындағы уағызында Пайғамбарымыздың соңғы құтпасы туралы өсиетін жүргізді. Пайғамбардың соңғы құтпасындағы мұсылман жамағатына керекті өзекті мәселелерге кеңінен тоқтала кетті.

Жұмадан соң насихаттық топ жұмысты Талдықорған қаласында білім ордаларының бірі Агротехникалық колледжде білімгерлермен кездесумен жалғастырды. Кездесу барысында Бауыржан Әлиұлы және Серікхан Ахмадиев білім алу, ғылыммен айналысу, түрлі керағар діни топтардың зардабы мен зияны және түрлі діни мәселелермен тоқталып, қаныққанды жауаптар берді.

Талдықорған өңірлік мешіттің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз