Оразада сауаб жый.

31 May 2017 0 comment Оқылды: 524 рет

 

Ей, пенде оразада сөзден тыйыл,

Жақсы айда жаман іске болма үйір.

Сауаб жыйған орнына күнә жасап,

Ұрпағың адасардай салма шиыр.

 

Сауаб жый, сауаб айы Рамазан,

Көріп тұрып көр соқыр болма надан.

Берілген мүмкіндіктен құр қалмаңдар,

Күнәңді төгіп таста арқалаған.

 

Сарайың сары алтындай жарқылдасын,

Сабырың жөнсіз жерден сарқылмасын.

Сауабыңды жыйған терген шашып алма,

Біреудің қорлаймын деп алтын басын.

 

Халалдан болсын тегі ішер асың,

Досыңдай кешірім ет болса қасың.

Тазартып ағзаңды осы айда,

Барлығыңды Алла тағалам жарылқасын!

Жатқанбаева Күншайым Ниязбек қызы. ШҚО, Мақаншы ауылы. Ардагер ұстаз.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз