Дін дінгегі

27 Sep 2017 0 comment Оқылды: 364 рет

 

 

Дін діңгегі деген сөз бір ғаламат.

Дін құдіретін жеткізу бізге аманат.

Алтын діңгек дер едім олда бір зат,

Керек болса кесіп алады оны адамзат.

Сондықтан теңеуі жоқ аты діңгек.

Жемейтін, құлатпайтын небір індет.

Алла әмірін үңгірде парыз еткен,

Бізге соны жеткізген нұр Мұхаммед.

Дін дейміз әмір еткен Алла сөзін.

Көрінбей қанға сіңген асыл сезім.

Дін деген мұсылманның жүрегінде,

Ешқашан құламайды болса төзім.

Дін діңгегі Пайғамбарым жатқан жерде.

Көргеніңді айтып бер барып келде.

Қорқамыз бұл фәниде өлім десе,

Онда барсаң өкінбейсің өлгеніңе.

Дінді толық білгің келсе қажыға бар.

Іс-жүзінде дәлелдейді ондағылар.

Қолы жоқ, аяғы жоқ, қол-арбамен,

Мешітте намаз оқиды кемтар жандар.

Жатады мәр-мәр тасты мамық көріп.

Тәуәп етеді жүрегін анық беріп.

Салқын түнде сәбиін құшқан ана,

Тас үстінде ұйықтайды жаннан безіп.

Сол жерде бір азғана ауқаттанып,

Ұйқы жоқ, дұға оқиды ауық-ауық,

Аллаға күндіз түні жалбарынып,

Санадан өшірілген ойын-сауық.

Алла деп барлық ұлттар келіп жатыр.

Бір тілде бір құранды оқып жатыр.

Мұсылман бола тұра құраныңды,

Сол жерде оқи алмай болма пақыр.

Бұл сенің намысыңды қозғамайма?

Тимей ме, сорлы таяқ сор маңдайға.

Иманыңның діңгегі мықты болсын,

Білім ал, оқу-оқы осындайда.

Жасалған дінімізге небір зорлық.

Дін таратқан ғұламалар тартты қорлық.

«Артында бар оңалар» деген сөз бар.

Құлатпай дінімізді ие болдық.

Бұл бізе Алла берген керемет күш.

Сара жолға ұрпағым адаспай түс.

Алданып қызық өмір деп жүргенің,

Жалған дүние тек қана бір қызық түс.

Сүріндік, адаспадық діннен бірақ.

Алладан ата-бабам жәрдем сұрап.

Баланың «лә иләһә иллаллаға» тілі келіп,

Иманнан кеудесінде жамсын шырақ.

Жәннатта нұрлы жүзің жарқырасын.

Құр болмасын тозақта алтын басың.

Алла жалғыз, құран шын деген сөзден,

Басқа сөз ауызыңда айтылмасын.

Алданып арқандалма бұл жалғанға.

Қажылық парызыңды шын арманда.

Шын тілеп бұл сапарды ниет етсең,

Тілегің орындалып қолдайды Алла.

Тілеймін бұл сапарды бәріңізге.

Сәби, бала, еңкейген кәріңізге.

Асқақтап көкке дінім көтерілсін,

Тыныштық қуат беріп бәрімізге.

Жатқанбаева Күншайым

Ниязбекқызы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз