Желтоқсан қаһармандарына

13 Dec 2017 0 comment Оқылды: 284 рет

Ләззат, Қайрат, Ержаным...

Әділдікті іздеп самғадың.

Отқа түстің шырылдап, 

Алға сүйреп арманың.

Алаулаған жалындай,

Алға ұмтылдың арыңдай 

Елді сүйген жүрегің,

Еркіңе кетті бағынбай.

Арайлап атқан әр таңым,

Сенің аппақ арыңдай.

Жадырап күн көрінсе,

Көз жастай жаңбыр төгілсе,

Жайқалып гүл егілсе,

Ол, сенің ұлы арманың.

Түн болған жерде, күн барын,

Өмірде үлкен сыр барын,

Сай бар жерде, қыр барын,

Талғаған биік талғамың,

Үзілген үміт арқауын,

Ерлікпен қалқам жалғадың.

Жазира жарқын мына өмір

Аңсаған сенің арманың.

Ұрпақты көрген сендердей,

Менің де түгел арманым. 

Жатқанбаева Күншайым Ниязбекқызы

ШҚО, Мақаншы ауылы, Ардагер ұстаз.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз