Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ПАТШАЛАРДЫ ДІНГЕ ШАҚЫРУ

14 Apr 2019 0 comment Оқылды: 403 рет

 

Худайбия бітіміне қол қойылып, мұсылмандар мен мүшріктердің арасында уақытша тыныштық орнаған соң Пайғамбар (с.а.с.) көрші елдерге дін дағуатын жеткізуге тырысып, олардың патшаларына хат жазды. Бұл Ислам дінінің бүкіл адамзаттық дін екендігіне дәлел. 1. Эфиопия патшасы Нәжжашиге Амр ибн Умәйя арқылы хат жолдады. Нәжжашидің айналасындағы христиан поптары Ислам дінін қабылдауға қарсы болып, өзі іштей, жасырын қабылдады. 2. Мысыр патшасы Муқауқисқа Хатиб ибн Бәлтағаны жіберді. Ол дінді қабылдамаса да Алланың елшісіне (с.а.с.) сый-сияпат жіберіп, жақсы жауап қайырды. 3. Парсы патшасы Хосроуға Абдулла ибн Хузафа әс-Сәһми арқылы хат жолдады. Хосроу тәкаппарланып, Пайғамбардың (с.а.с.) хатын бөлшектеп жыртып тастады. Алланың елшісі (с.а.с.) оның патшалығы бөлшектелсін деп дұға қылды. Кейін Парсы елі көп ұзамай бөлшектелді. 4. Византия императоры Цезарьға Духайя ибн Халифа әл-Кәлбиді жіберді. Император дінді қабыл алмағанмен, Пайғамбардың (с.а.с.) елшісін сый-сияпатпен қайтарды.       Осылайша пайғамбар (с.а.с.) өз заманының әміршілері мен патшаларын ескертіп, дінді жеткізді.

/fatua.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз