Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Имам Ғазалидің насихатары

23 Apr 2018 0 comment Оқылды: 171 рет

 

     Әлемдердің Рабысы Алла Тағалаға барлық мақтаулармен мадақтар болсын, Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафаға ең жақсы салауаттармен сәлемдер болсын.

Имам Ғазали р.x. Ақида, кәләм, фиқх, тасаууф, ахлақ т.б.с. әр салада көптеген кітаптар жазған. Жәнеде ол кісі шәкірттеріне, өз замандастарына көптеп насихаттар жазған. Сол насихаттарынан біраз қысқаша келтіріп пайда ала отырайық:

Қанша қаласаңда өмір сүр бірақ бәрібір кетесің. Кімді қаласаңда жақсы көр бәрібір ондан айырыласың. Қандай амал істесеңде бәрібір есесін өзің аласың.

Алған ілімге амал қылмауың естен адасудың белгісі болса, ал ілімсіз амал қылу мүлдем болмайды. Қаперіңде болсын ілім сені бүгін күнадан тыймаса және мойын ұсынуға алып келмесе, ертең сені тозақтың отынан алыстата алмайды. Бүгін амал жасамасаң, өткен күндер қайтып келмейді. Әйтпесе ертең қиямет күні бізді қайтаршы салихалы амал жасап келейік дегенде саған: әй ақымақ сен сол жақтан келдіңғой –дейді.

Ілімді жүз жыл алсаңда, мың кітап оқып шықсаңда, Алла Тағаланың рақымына тек қана амал істегенің үшін бөлене аласың. Өйткені Алла Тағала құранда былай дейді: «Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді», және «Кім Раббысымен жолығуды үміт етсе, онда жақсы істер істесін». Хасан Басри р.х. айтқан: қиямет күні Алла Тағала құлдарына айтады: құлдарым менің рахымымен жаннатқа кіріңдер, амалдарыңа сай орындарыңды табыңдар-дейді.

Имам Ғазали р.х. ілімге амал қылу және ғибадатта болу жайлы мынандай бір хикаяны баян қылады: Бани Исрайл қауымынан бір адам Алла Тағалаға жетпіс жыл ғибадат қылған екен. Содан Алла Тағала періштелерге оның дәрежесін көрсету үшін, бір періштені жіберіп, оған бұл ғибадатымен жаннатқа лайық еместігін хабардар қылғызады. Оған бұл хабар жеткенде ол кісі: «біз құлшылық қылу үшін ғана жаратылғандықтан әрдайым құлшылықта болу керекпіз». Періште қайтадан оралған кезде Алла Тағала құлым не деді- деп сұрағанда, періште: «Раббым, ол не айтқанын сен жақсы білушісің ғой» -деді. Сонда Алла Тағала айтты: «ол біздің ғибадатымыздан бас тартпаған себепті, біз де одан бас тартпаймыз. Ей періштелерім, куә болыңдар, Мен оның барлық күналарын кешірдім» – деді.

   Тақуалық жайында Имам Ғазали р.х. Хасан Басридің р.х. хикаясын насихат қылып келтірді. Ол кісіге салқын су алып келінген кезде, кесені қолына ала салып талып қалды. Есін жиғаннан кейін «сізге не болды?» -деп сұраған кезде “тозақтықтар жұмақтықтарға: “суларыңнан яки Алла сендерге нәсіп еткен сусыннан бізге біраз құйсаңдар екен”деп айқайлады” деген (ағраф сүресінің 50 аяты) үміттерін есіме алдым”- деді.

Худжатуль-Ислам деген атаққа ие болған Имам Ғазалидің насихаттарын өмірімізге алып келуге Аллаһ Тағала нәсіп етсін.Әмин!

Талдықорған қалалық  

«Нұр» мешітінің бас имамы   Данағұлов Алмас

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз