Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Әбу Ханифаның тапқырлығы мен парасаттылығы

12 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 103 рет

 

Бірде оған сол аймақтағы пұтқа табынушылар келіп, Жаратушы Иеміз жайында пікір таластырады. Әбу Ханифа: «Сендер теңіздегі кеменің қарсы соққан толқындарға төтеп беріп, жел бағытымен жүзіп бара жатқанын көрдіңдер дейік. Сонда мен әлгі Имам Ағзам Әбу Ханифа кемені жүргізушісіз, өздігінен жүзіп бара жатыр десем, қабыл алар ма едіңдер?», –деп ой тастай сұрады. Пұтқа табынушылар: «Жоқ, бұл ақылға сыймас», – деп жауап береді. Имам Ағзам: «Сол секілді біздің тұрған жеріміз кеме іспетті. Ол үстіне адамдар, жан-жануарлар және сансыз өсімдіктерді артып, қаншама ғасырдан бері діттеген жеріне қарай кетіп бара жатыр. Оның бағытын түзеп, үстіндегі халықты сақтаған, қадағалаған бір иесі болмауы ақылға сыя ма?! Демек, әлемнің Ұлы Бір Жаратушысы бар»,–дейді. Сонда олар ақылға келіп, мұсылмандықты қабылдайды. Алланың барлығына әрі бірлігіне иман келтіре алмаған, табиғат заңын құдіреті күшті Тәңірден жоғары қоятын, ғалымдармен кездесе қалса айтыса кететін бір дінсіз философ жүре-жүре Куфа қаласына келіп, көзқарасын таратып насихаттамақшы болады. Халифа әл-Мансур (754–775) философты шақыртып, ниетін білгісі келеді. Дінсіз: «Құрметті, халифа! Сенің сарайыңда қызметте жүрген ғалымдармен кездесіп, пікірсайыс өткізсем деймін. Өйткені, олар бүкіл әлемді бір Алла жаратты дейді. Мен әлем бұрыннан бар еді деймін әрі бұл пікірімді дәлелдеп беремін»,–дейді. Халифа Әбу Ханифаны шақыртады. Ол бесін намазын оқып болғаннан соң баратынын хабарлайды. Куфалықтар мәжіліс үйіне лық толады. Әбу Ханифа бірақ айтқан мерзімінде келе алмайды. Уақыт өткен сайын дінсіз тәкаппарланып: «Білемін, менен қорықты»,–деп жылмың қағып отырады. Осы кезде Әбу Ханифа кіріп келеді. Дінсіз оған: «Сен бізді күттіріп қойдың, сенімен айтыспаймын»,– дейді. Ол: «Асықпаңыз, әуелі не үшін кешіккенімді Имам Ағзам Әбу Ханифа айтайын. Бүгін бір ғажайып оқиғаның куәсі болдым. Үйіміз өзеннің арғы жағында еді. Салға отырып, бері өтпекші болып едім кенет жел соғып, салды бұзып, ағаштарын жан-жаққа ұшырды. Не істерімді білмей тұрғанымда, бір толқын салдың бөренелерін бір жерге жинады, ол қайта сал болды, оған мініп, осында келдім. Кеш қалғанымның себебі осында. Сол үшін кешірім сұраймын»,–дейді. Бұл жауапқа қарқылдап күле бастаған дінсіз: – Ей, халайық! Ғалымыңыздың айтқан сөзі қисынға келе ме?! Бұл қып-қызыл өтірік қой,–дейді. Сонда Әбу Ханифа шындыққа көшіп: – Шынында, ақылсыз сенсің. Екі ағаштың бір жерге жиналатынына сенбей тұрып, ұшы-қиырсыз, алды-арты жоқ әлемді қалайша өзінен өзі бар болады дейсің?–дейді. Әбу Ханифаның тапқырлығына таңғалған дінсіз: «Мені байқатпай ұстадың, ондай болса көрсетші сол Алланы маған, мен де сенейін»,–дейді. Сонда Әбу Ханифа бір шыны сүт алдырып, дінсізден сұрайды: – Май мен ірімшік қайдан шығады? – Әрине, сүттен! – Ендеше, сүт ішіндегі май мен ірімшікті көрсетші? Дінсіз шарасыз қалып: – Әрине сүт ішінде май мен ірімшік бар. Бірақ олар көзге көрінбейді,–дейді. Әбу Ханифа: – Өзің шыны ішіндегі сүтте май мен ірімшік бар екенін біле тұрып, оны көрсете алмай тұрып мына үлкен әлемді жаратқан Алланы қайта-қайта көрсет дейсің. Бұл мүмкін бе? Сүт ішінде қалай май болса, Алла да бұл әлемде осылайша бар, бірақ көрсетуге келмейді,–дейді. Имам Ағзам Әбу Ханифа Әлі де бір Алланың барлығына сенбей, данышпансып отырған ол: – Соңғы сұрағыма жауап берсең ғана сенен жеңілгенімді мойындаймын. Алла бар деп бойбермейсің. Сол Аллаң дәл қазір не істеп жатыр? – деп сұрайды. Аз ғана ойланып қалған Әбу Ханифа: – Мына отырған мінберден түсіңіз, сұрақтың жауабын сонда берейін деп дінсізді төмен түсіріп, өзі мінберге шығып: – Дәл қазір Алла тағала сен сияқты бір дінсізді мына мінберден түсіріп, мен сияқты бір пендесін жоғары шығарды,–дейді. Дінсіз аузын аша алмай қалып, қалың халық алдында «калимаи шаһадат» айтып, исламды қабылдаған екен. Әбу Ханифа фиқһ ілімінің жетік маманы болған кезінде, дініміздің көптеген келелі мәселелеріне байланысты сұхбаттарға да қатысатын. Бірде ол мешітте отырғанында қарулы харижиттер (суниттерге қарсы топ өкілі) үстіне баса–көктеп кіріп, сынау үшін оған: «Босағада екі өлік жатыр. Бірі арақтан өлген ер кісі, екіншісі зина жасап қойып, сонысы үшін ұялып асылып өлген әйел. Бұл екеуіне қатысты не айтар едіңіз?»,–деп сұрайды. Харижиттердің сенімі бойынша, үлкен күнә жасаған кісі кәпір саналып, мәңгілік тозаққа түседі. Ол кісінің ниет-пиғылын бірден түсінген Әбу Ханифа: – Ол екеуі яһуди ме, әлде христиан ба, не пұтқа табынушы ма? Мұның қайсысы?– деп қарсы сұрақ қояды. – Олардың ешқайсысы да емес. – Сонда қай үмбеттен? – Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі дейтін қауымнан,– деп жауап берген харижиттерге: Имам Ағзам Әбу Ханифа – Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен яки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды. – Иманның ондай үштен де, төрттен де, бестен де бірі болмайды. Ол бөлінбейді. – Иманның қаншасы сонда? – Тұтасы. – Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін айттыңдар. – Сен мұны қой. Олар жәннаттық па, әлде жәһәннәмдық па? – деп харижит сүріндіру үшін сұрақты бастырмалата бастайды. – Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мүшріктерге: «Ей, Алла! Маған бойсұнғандар мен қарсы шыққандарға Сен кешірімді әрі рақымдысың»,–деп дұға етті. Иса (ғ.с.) пайғамбар: «Ей, Алла! Егер оларды азапқа салсаң, олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың»,–деді. Иманды жандарды қудалауға себеп те, негіз де жоқ», – деп түйіндейді өз жауабын Әбу Ханифа. Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап, мешіттен шығып кетеді. Осылай Әбу Ханифа Құранның асыл аяттары менхазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис шәріптерінен, сондай-ақ бұрын өткен пайғамбарлардың (ғ.с.) өсиеттерінен нақты дәлелдер мен мысалдар келтіру арқылы, жат топтардың теріс пікірлерін түзеп отырған. Әбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне еліктеп кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып алатын. Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: «Мен сенің де әр қилы мәселелерде пікір таласып, айтысатыныңды көретінмін, ал енді мені содан тыйғаның қалай?», –деп сұрайды. Әбу Ханифа: «Балам–ау! Біздің пікірталастағы сақтығымыз Имам Ағзам Әбу Ханифа соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай аса мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден шықса екен деп тілейтінбіз. Ал сендер бір-біріңнің беттеріңнен алып, қарсыластарыңның қателесіп, тура жолдан адасқанын қалап тұрасыңдар. Есіңде болсын, кімде-кім бәсекелесінің қателесіп, тура жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен шығуын қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін қалаған адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер қатарына қосылады»,–деген екен [2, 32]. Бірде Әбу Ханифа ұстазы Хаммад ибн Сүлейменнің дәрісханасында отырғанда бір әйел келіп, одан: «Пәленше өзінің күңін шариғатқа сәйкес талақ етпекші, оның жолы қалай?», –деп сұрайды. Сонда ол: «Бұл мәселені анау ұстазымыздан сұрап көр, жауабын маған келіп айтарсың»,–дейді. Әйел Хаммад ибн Сүлейменге барып, сұрағына жауап алады да, қайтып оралып: «Мұның жауабы былай екен: Ислам некелі ерлі-зайыптыларды бір шаңырақ астында тату өмір сүруге бұйырады. Дегенмен, олардың отбасылық өмірі жараспай, ажырасуды қаласа, ері әйелін талақ етеді. Ол үшін күйеуі әйелімен жақындасуды тоқтатып, оны үш рет қатарынан келген әр етеккірінен тазарысымен бір реттен талақ айтады. Осымен ерлі – зайыптылардың некелік байланысы біржола тыйылып, әйел басқа еркекке күйеуге шығуға құқылы болады екен»,–деп мәселенің түпкілікті шешімін баяндап береді [1, 10]. Мұны естіген Әбу Ханифа: «Ақида ілімін ерінбей оқыдым, зерттедім, бірақ қарапайым халықтың күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынастарында жиі ұшырасатын басқа да сан алуан түйткілді Имам Ағзам Әбу Ханифа мәселелеріне нақты шешім іздейтін, әрі аса байыптылықты қажет ететін фиқһ іліміне аса көңіл бөлмеген екенмін»,–деп отырған орнынан тұрып Хаммадтың фиқһ ғылымының дәрісханасына беттейді. Шәкіртінің бұл ілімге деген ынта-ықыласын байқаған ұстазы: «Балам, бұдан былай оқушылардың алдыңғы қатарында отыр»,–деп арқасынан қаққан [1, 10]. Әбу Ханифа өз заманында араб тілі, ақида (діни сенім), хадис сияқты көптеген ілімдерге мойын бұра келе, соңында олардың ішінде ең қызықтысы мен маңыздылығы жағынан өзіне қатты ұнаған фиқһ ілімін таңдайды. Бұл ілімді жай оқып қана қоймай, тереңнен зерттеп, мәселелерді тақырыбына қарай тараулап бір жүйеге келтіру арқылы негізін салады. Йухий ибн Наср әл-Әнсари «Мен Әбу Ханифаның: «Менде хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан жеткен сандық-сандық хадистер бар»,–деген сөзін жеткізсе, Хасан ибн Зияд: «Әбу Ханифа төрт мың хадис риуаят еткен: екі мыңын ұстазы Хаммадтан, ал қалғанын басқа ұстаздарынан үйренген. Оның айтқан сөздері мен істеген амалдары хадис шәріпке сәйкес болатын»,–дейді. Әбу Ханифаның ілімі мен даналығын қызғанып: «Ол хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистеріне көп сүйене бермейді, оның шығарған пәтуалары әлсіз»,–дейтіндер де болған. Бұған қарсы жауап ретінде Найм ибн Әмр оның: «Адамдар мен туралы: «Ол айтқан пәтуаларын өз ойынан шығарады, нақты дәлелдерге сүйенбейді»,–дейді. Расында, әрбір мәселеге байланысты берген үкімдерімде Құран мен хадиске сүйенбеген кезім болған емес»,–деген сөзін келтіреді. Имам Ағзам Әбу Ханифа Талантты әрі терең парасат иелерін күндеушілері де табылатыны сияқты Имам Ағзамның (р.а.) бедел биігіне көтерілгенін, атақ-даңқының асқақтағанын көре алмай қызғанған дұшпандары да болмай қалмады. «Ол Құранға, хадиске емес өзінің ақылына көбірек сүйенеді» деп айыптаушылардың бірінен Имам Ағзам : – Намаз ұлық па немесе ораза ұлық па?», – деп сұрайды. – Әрине, намаздың жолы үлкен, –дейді әлгі кісі. – Мұны кімнен естідің? – дейді Имам Ағзам. – Расулалладан (с.ғ.с.) – депті ол. Сонда Имам Ағзам: «Мен де намаздың жолы ұлық деп айтам, әрі оны хадиске сүйеніп айтып отырмын. Егер ақылға табан тірегенімде оразаның жолы ұлық дер едім. Өйткені, әйел адам хайыз болғанда (етеккірі келгенде) намазды да, оразаны да тоқтатады. Хайыздан тазарған соң әуелі оразаның қазасын өтейді. Бірақ намаздың қазасы өтелмейді. Тағы да: «Мирасқордың мұрасын бөлерде ер адамға екі есе, әйелге бір есе беріледі. Егер мен ақылға сүйенгенімде әйелге екі есе тиесілі, өйткені әйел табиғаты нәзік, сондықтан екі есе деп айтар едім. Бірақ мен Құран Кәрімге сүйеніп, еркекке екі есе деймін» деген екен. Әбу Ханифа пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)хадистерін естіген немесе дәлел ретінде қабылдаған кездерінде, мұқият қарап, оның ақиқаттығына аса мән беретін. Өйткені, ол заманда жалған және күмәнді хадистер көбейген еді. Осылайша, Әбу Ханифа ғылыми істерін ұқыпты әрі тиянақты жүргізіп, Құран, хадис, ижмаъ және қияс негізінде мәселе шешіп, олардың негізінде фиқһты тарау-тарауға бөліп, реттеген. Онда дәрет, намаз, ораза, зекет, қажылық, неке, талақ, сауда, Имам Ағзам Әбу Ханифа егіншілік, жаза т.б. діни мәселелер жүйеленіп жанжақты қамтылған. Кейінірек Әбу Ханифаның бұл жүйесін имам әл–Бухари, имам Муслим, имам Тирмизи, имам Әбу Дауд, имам Нәсәий және имам ибн Мәжә сияқты әйгілі мухаддистер (хадис саласының мамандары) де өздерінің хадис жинау жұмыстарында пайдаланған. Әбу Ханифа қырық жасынан бастап ұстаздық етті. Ол мұхиттай терең білімі мен даналығы, шешендігі мен сабақ беру әдісінің тартымдылығымен жас шәкірттер мен ғалымдарды да еріксіз баурап алатын. Мекке мен Мәдина қалаларында болған кезде, орталық мешіттерде дәрісхана ашып, түрлі тақырыптарда сабақ берді. Сондай-ақ, Әбу Ханифа сол заманның білім ошағы саналған Мекке, Мәдина, Басра сияқты қалаларға сапар шегіп, онда көптеген дін ғұламаларымен кездесіп, олардың дәрістерін тыңдап, сабақ беру әдістерін үйреніп, тәжірибе алмасатын. Меккедегі атақты ғалым Ата ибн Әбу Рабах пен Мәдина имамы Малик ибн Әнаспен жиі кездесіп тұрды. Имам Ағзам бір мәселенің шешімін айтып, сосын үйіне келіп, берілген пәтуаның ақиқатын айқындау үшін түні бойы Құран оқып хадистерді қайта қарап, дұрыс-бұрыстығын тексеретін. Берген үкімінде жаңсақтық кетсе, іле-шала ол туралы шәкірттеріне айтып, дұрыстап қоятын. Әбу Ханифа ақиқат пен шындықты берік ұстанды. Оның дәрісханасы «нағыз ақиқаттың ордасы» еді. Бірде бір кісі келіп оған: «Мына бір мешітте фиқһ ілімін үйренеміз деп біраз адамдар жиналып жүр» – дейді. Сонда Имам Ағзам: «Олардың арасында білімді жетекшісі бар ма?», –деп сұрайды. Әлгі кісі «Жоқ», –деп жауап береді. Сонда Әбу Ханифа  Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.): «Олай болса олар ешқашан фиқһ ілімін үйрене алмайды немесе қателеседі, бірақ қателіктерін өздері білмейді. Сөйтіп өз ойларын дұрыс санап, шындыққа қарсы шығады»,–деген екен.

Әбу Ханифа және мәзһабы кітабынан алынды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз