Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Хауа анамыздың жаратылысы

25 Aug 2021 0 comment Оқылды: 104 рет

Алла Тағала Адамды (ғ.с) сыңғырлаған балшықтан жаратқаннан кейін, оның қасына жұбайы Хауа анамызды жаратты. Хауа анамыз әлемдегі ең алғашқы әйел заты болып есептеледі. Сондай-ақ оны барша адам балаларының анасы деп те атайды. Ол Иса (ғ.с) секілді бір жыныстан жаратылған. Айырмашылығы Иса (ғ.с) анасы Мариямнан әкесіз дүниеге келсе, Хауа анамыз ер адамның, яғни Адам (ғ.с) ның денесінен жаралған. Ибн Аббас және Ибн Масғудтың айтуы бойынша, бірде Адам (ғ.с) ұйқыдан оянған уақытында өзінің бас жағынан әйел затын көріп: «Сен кімсің? Не үшін жаратылдың?», ¬– деп сұрады. Хауа анамыз: «Мен әйел затымын, сенің менде тұрақталуың үшін жаратылдым», – деді. Кейін періштелер: «Ей, Адам! оның аты кім»?, – ¬ деп сұрағанда, ол (ғ.с): «Оның аты Хауа», – деді. Періштелер: «Не себепті оның атын Хауа деп қойдың?», – ¬ деді. Адам (ғ.с): «Өйткені, ол тірі заттан жаралды», – деген. Мұхаммед ибн Исхақ және Ибн Аббастын тәпсірінде, Хауа анамыз Адам (ғ.с) ұйқыда жатқан кезінде, Алла тағала оның иілген қабырғасынан жаратқандығын айтады. [1]

Хауа анамыздың Адам (ғ.с) нан жаралғандығы туралы Алла тағала:

«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер, мен әйелдерді жаратып таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла тағала сендерді бақылаушы». [2]

Исхақ бин Башардың айтуы бойынша: «Адам (ғ.с) мен Хауа анамыз жаннатқа кірместен жаратылған», – дейді. [1] Сондай-ақ, ол Алла тағаланың мына Құран аяттарына сүйенеді:

«Әй, Адам! Сен де, жұбайың да, жәннәтта тұрыңдар. Ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Егер жоласаңдар, онда жазықтылардан боласыңдар», —¬ деген. [2] Шайтан ол екуін алдап соқты да, Алланың харам еткен бұйрығын ұмыттырды.

Хауа анамыздың құрсақ көтеруі

Имам абу Жағфардың айтуы бойынша: «Хауа анамыз бір көтергенде егіз бала көтерген және олардың бірі ұл, ал екіншішсі қыз болған», — дейді. Оларды ауыстырып сыңарларына үйлендірген. Мысалы: Әбілдің сыңарын Қабілге үйлендірмек болған.

Сондай-ақ Адам (ғ.с) мен Хауа анамыздың жиырма құрсақтан қырық балалары болған дейді.

Барша адам балаларының бастауы Адам (ғ.с) мен Хауа анамыздан, бұл жалғасу қиямет қайымға дейін жалғасады.

Дәрістер мен ғибраттар:

1. Құран Кәрім аяттарындағы «Әй, Адам баласы!» деген сөздегі «Әй» сөзі қаратпа сөз. Бұл адамзаттың барлығына, соның ішінде Алла тағалаға иман келтірген мұсылманға ерекше көңіл бөлуге шақырады. Яғни Алла тағала баршаға маңызды ортақ бір сөз айтатынын байқаймыз.

2. Алла тағаланың тыйым салған нәрселерінен тыйылу мен Алла тағаланың әміріне бойсыну аса маңызды. Бұған мысал ретінде Алла тағала Адам ата мен Хауа анамызды келтіреді. Тіпті ол екеуі ең алғашқы адамдардан болса да. Оның әмірін бұзу, Оған бағынбау үлкен күнә болады. Өйткені Алла өзіне, әрі елшісіне, сондай-ақ басшыларға бағынуды бұйырған. Әрбір істелінген күнәға тәубе етпесе, оның жазасы болатынын да байқадық. Бұл қиссадан біздер «Адам (ғ.с) кінәлі мә?, жоқ әлде Хауа ма?», —– деп іздемейміз. Алла тағала біздерге ғибрат болсын деп, ол екеуін осындай жағдайға тап етуі де ғажап емес.

3. Шайтан адамдардың жауы, оның азғыруына еру Алла тағаланың ашуына апарады.

4. Адамдардың әурет жерлерін жауып жүруі Алла тағаланың ризалығына бөлену. Ал оны жаппай жүруілері Алла тағалаға ұнамсыз іс екені.

5. Адам (ғ.с) мен Хауа анамызды Алла тағала адамзаттың бастауы етті. Қазіргі таңдағы барлық адамдар сол екуінен тарайтындығы.

6. Әйел адамды түзету, аса оңай іс емес. Өйткені ол қисық қабырғадан жаратылған. Әйелді аларда оның мінезіне жақсылап көңіл бөліп алу.

7. Көре алмаушылық, іштарлық, қастандық жасау үлкен күнә. Бұлар өз иелерін өкініш пен қайғыға душар етеді.

8. Алла тағаланың құдіретінің күштілігі.

9. Періштелердің де Раббыларын пәктеп, мадақтайтындарын байқадық.

10. Алла үйреткен біліммен Адам (ғ.с) ның дәрежесі періштелерден асып түсті. Білімнің дәрежесі жоғары.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Бидая уа ниһая. Ибн Касир, «Мактаба шамиля».

2 Құран Кәрім «Халифа Алтай» аудармасы. 1991ж.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз