Шүкіршілік – мұсылманның сипаты

06 Dec 2017 0 comment Оқылды: 142 рет

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтасы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлемдер болғай!

Шүкіршілік ету – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Сөйтіп ол үш түрге бөлінеді:

  1. Жүрекпен шүкіршілік ету, 2. Тілмен шүкіршілік ету, 3. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету. Енді осыларды таратып айтар болсақ:
  2. Жүрекпен шүкіршілік ету деп адамзат өз санасымен атқаратын шүкіршілікке айтылады. Яғни пенде өзіне берілген әрбір нығметтің Алла Тағала тарапынан сыйлық етілгендігін білуі және мойындауы - жүрекпен шүкіршілік ету болып табылады. Бұл туралы Алла Тағала Құран аятында былайша үкім түсірген:

 { وَمَا بِكُم مِّن نِّعْمَةٍ فَمِنَ اللّهِ } (النحل: 53 )

«Сендердегі әр бір нығмет әлбетте Алладан (сыйлық етілген)»[1]

Міне осыдан мәлім болатыны - адам баласы қол жеткізген нығметтердің барлығы Алла Тағаланың сыйлығы болып табылады. Сондай-ақ, Алланың нығметтері есепсіз көп. Бұл жайлы «Нахл» сүресінің 18-аятында Алла Тағала:

{وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَةَ اللَّهِ لَاتُحْصُوهَا إِنَّ اللَّهَ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ} (النحل: 18 )

«Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Әлбетте Алла жарылқаушы, (әрі) рақымшыл»[2], - деген.
  1. Тілмен шүкір ету. Бұл амал Алла Тағалаға мадақ айтудан тұрады. Бұл жайлы Әнәс бин Малик келтірген хадисте хазіреті Расулулла (с.ғ.с.) былай деген:

وعَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : إِنَّ اللَّهَ لَيَرْضَى عَنْ الْعَبْدِ أَنْ يَأْكُلَ الْأَكْلَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا ، أَوْ يَشْرَبَ الشَّرْبَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا. (رواه مسلم )   .

«Әлбетте Алла тамақ жеп болып оған мадақ айтқан немесе сусын ішіп болып мадақ айтқан пендеден разы болады»[3]Бұл пенденің жеген-ішкенінің шүкіршілігі үшін айтылатын шүкіршілік. Ал негізінде әрбір нығмет үшін мадақ айту шүкіршіліктің басы болып есептеледі.  Мұны Абдуллах бин Ұмар (р.а.) келтірген хадистен білуге болады, онда хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

وعن عبد الله بن عمرو، قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: الحمد رأس الشكر، ما شكر الله عبد لا يحمده (رواه الترمذي، وابن ماجه)

«Әлхамдулиллә» (Аллаға мадақ айту) – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған пенде Оған шүкіршілік жасамағаны»[4],- деп нұсқау берген. Сондықтан, әрбір іске және әрбір жағдайға байланысты Аллаға мадақ айту – Аллаға шүкіршілік білдіру болып саналады.

  1. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету. Бұл жайлы «Бақара» сүресінің 172-аятын былай делінген:

{ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ وَاشْكُرُوا لِلَّهِ إِنْ كُنْتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ } (البقرة: 172 .)

«Әй мүміндер! Біз сендерге ризық етіп берген нәрселеріміздің жақсыларынан (адалдарынан) жеңдер. Және Аллаға шүкірлік етіңдер, егер (шын мәнінде) оған құлшылық ететін болсаңдар».

Бұл аяттың мағынасынан құлшылық ету - Аллаға шүкір ету болып табылады.  Сөйтіп аталған шүкіршіліктің үш түрі бірігіп мұсылманның сипаты болып табылады.

Негізінде Аллаға шүкір етушілердің ең алғашқылары, әрі ең саңлақтары – пайғамбарлар болатын. Бұған бірнеше мысал келтірер болсақ, «Исра» сүресінің 3-аятында Алла Тағала:

 { ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ إِنَّهُ كَانَ عَبْداً شَكُوراً } ( الإسراء: 3 . )

"(Ей,) Біз, Нұхпен бірге (кемеде) көтерген (суға батудан құтқарған) кісілердің үрпақтары, әлбетте ол (Нұх көп) шүкір етуші пенде еді"- деп баяндаған. Және бір аятта:

{ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ كَانَ أُمَّةً قَانِتاً لِلَّهِ حَنِيفاً وَلَمْ يَكُ مِنَ الْمُشْرِكِينَ . شَاكِراً لَأَنْعُمِهِ اجْتَبَاهُ وَهَدَاهُ إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ } ( النحل: 120 ، 121 ).

«Әлбетте, Ибраһим (а.с.) Аллаға бойұсынушы, хақ жолында нық тұрған бір үмбет (имам) болған. Ол (Алланың) нығметтеріне шүкір етуші еді. (Алла) оны (пайғамбарлыққа) таңдап, тура жолға хидаят етті»[5]делінген.

Осы келтірілген екі аятта да пайғамбарлар Алланың нығметтеріне шүкіршілік етуші сипаттарымен сипатталған. Ал хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы Айша (р.а.) анамыздан келген хадисте былай риуаят етілген:

عَنْ عَائِشَةَ قَالَتْ : كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا صَلَّى قَامَ حَتَّى تَفَطَّرَ رِجْلَاهُ قَالَتْ عَائِشَةُ : يَا رَسُولَ اللَّهِ أَتَصْنَعُ هَذَا وَقَدْ غُفِرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ ؟ فَقَالَ : يَا عَائِشَةُ أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا (رواه البخاري ومسلم)

Расулулла (с.ғ.с.) (түнделетіп) намаз оқығанында аяқтары ісіп кеткенше тік тұратын. (Мұны көрген) хазіреті Айша (р.а.) анамыз: Уа, Алланың Расулы (с.ғ.с.), Алла сіздің бұрынды-соңды күнәларыңызды (барлығын) жарылқаған ғой, осыншама (өзіңізге қиындық) жасайсыз ба?,-деді, сонда ол (Алланың Елшісі (с.ғ.с.)): Мен шүкір етуші пенде болмаймын ба?,-деп жауап береді[6].

Сондай-ақ, Алла Тағала шүкір ету туралы барша мұсылмандарға әмір еткен, сөйтіп оған қатысты бірнеше аяттар түсірген. Мысалы «Бақара» сүресінің 151-152-аяттарында былайша үкім берілген:

{كَمَا أَرْسَلْنَا } متعلق بأتم، أي إتماما كإتمامها بإرسالنا {فِيكُمْ رَسُولاً مّنْكُمْ } محمدا صلى الله عليه وسلم {يَتْلُو عَلَيْكُمْ * ءايَـٰتِنَا } القرآن {وَيُزَكِيكُمْ } يطهركم من الشرك {وَيُعَلّمُكُمُ ٱلْكِتَـٰبَ } القرآن {وَٱلْحِكْــمَةِ } ما فيه من الأحكام {وَيُعَلّمُكُم مَّا لَمْ تَكُونُواْ تَعْلَمُونَ } (البقرة 151. تفسير الجلالين). {فاذكروني} بالمعذرة {أَذْكُرْكُمْ } بالمغفرة أو بالثناء والعطاء، أو بالسؤال والنوال، أو بالتوبة وعفو الحوبة، أو بالإخلاص والخلاص، أو بالمناجاة والنجاة. {وَٱشْكُرُواْ لِي ما أنعمت به عليكم {وَلاَ تَكْفُرُونِ } ولا تجحدوا نعمائي. (البقرة: 152. تفسير النسفي)   

(151). «Сол (өткен қауымдарға өз араларынан пайғамбар шығарғанымыз) сияқты сендердің араларыңа да өздеріңнен (шыққан Мұхаммедті с.ғ.с.) пайғамбар (етіп)жібердік. Ол сендерге (түсірген) аяттарымызды (арнайы қырағатпен) оқып береді. Және сендерді (шірктен, күпірден, түрлі күнәлардан, кертартпа сенімдерден жүректеріңді) тазартады. Тағы да, сендерге Кітап (Құран) пен Хикметті (сүннә мен фиқхты тәлім беріп) үйретеді. Және сендерге одан да өзге(өздерің) білмейтін нәрселеріңді үйретеді. (152). Ал (енді, сендерге сондай үлкен нығмет – Пайғамбар жібергенім үшін) Мені (шын ықыласпен, өз күнәларыңа кешірім тілеп, тәубе еткен хәлдеріңде) естеріңе алыңдар. (Сонда)Мен де сендерді (күнәларыңды кешіру және ізгі амалдарыңа үлкен сауаптар сыйлаумен) еске алайын. Сондай-ақ, (сендерге берген есепсіз нығметтерім үшін)Маған шүкіршілік етіңдер. Ал бірақ (көкіректеніп) күпірге (нығметтерім жайлы қарсыластыққа) салынбаңдар».

Осыдан мәлім болатыны, Алла Тағала мұсылмандарға өте үлкен нығметтер сыйлаған және күнәларын кешіру туралы уәделер берген, ендеше солардың өтемі ретінде шүкіршілік етуге бұйырған.

Ал негізінде барша адамзат баласы ерекше керемет пен сый-құрметті бөлендірілген. Бұл туралы «Исра» сүресінің 70-аятында:

{وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُمْ مِّنَ ٱلطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَىٰ كَثِيرٍ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلاً }.    

«Расында Адам перзенттерін сый-кереметті (қадірлі, ардақты) қылдық және оларды құрлықта да, теңізде де көтердік (кемелермен көліктендірдік) және оларды жақсы (пәк) нәрселермен рызықтандырдық, сөйтіп оларды өзіміз жаратқан көп нәрселерден (жанды жаратылыстардан) абзал еттік».

Адамзат баласының сый-кереметті, қадірлі де, ардақты етіп жаратылғандығы туралы көптеген аяттарда баяндалған. Солардан тағы бірі «Ибраһим» сүресінің 32-33-аяттарында былай делінген:

{اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاء مَاء فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَّكُمْ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْفُلْكَ لِتَجْرِيَ فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَسَخَّرَ لَكُمُ الأَنْهَارَ  )32( وَسَخَّر لَكُمُ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ دَآئِبَينَ وَسَخَّرَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ (33) }

«Алла көктер мен жерді жаратты, сөйтіп аспаннан су (жаңбыр, қар) жаудырып,сол арқылы сендерге ризық етіп жемістерді шығарды. Ол (өз) әмірімен теңізде жүзіп жүруі үшін кемелерді сендерге бойұсындырды. Және өзендерді де сендерге бағындырды.  Сондай-ақ Ол (Алла Тағала) тұрақты түрдегі күн мен айды сендерге (жалпы пайдаларың үшін) бойұсындырды, тағы да түн мен күндізді де (тіршіліктеріңе қолайлы етіп) бағындырды».  

Міне, осындай сан алуан нығметтер сыйлап, сан түрлі рызық бергені, жоғары дәрежелерге көтеріп, жаратылыстардың арасындағы ең абзалы еткені үшін Аллаға шүкіршілік ету пенделердің қасиетті міндеті болып табылады. Бірақ, Алла Тағаланың осыншама сыйлық еткен жақсылықтарын пенделердің көпшілігі біле бермейді. Бұл жайлы көптеген аяттарда баяндалған. Солардың бірінде былай делінген:

{ وَلَقَدْ مَكَّنَّاكُمْ فِي الْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ قَلِيلاً مَا تَشْكُرُونَ } (الأعراف: 10 .)

«(Ей, Адам балалары) Біз сендерді жер бетіне орналастырдық, сөйтіп, онда сендер үшін (ішіп-жейтін тағамдар, киінетін киімдер, мініс көліктері сияқты көптеген) тіршілік заттарын жасадық. (Бірақ) сендер (өмірдің қызығына беріліп кетіп, бұлар жайлы кем ойлайсыңдар, сондықтан) өте аз шүкіршілік етесіңдер».[7]

Мұндай, өмірдің хикметтерін түсінбейтін, соның салдарынан шүкіршілік етуді жөн санамайтын пенделер көп табылады. Алайда, Алла Тағала шүкір етпейтіндерді сүймейді, олардан разы болмайды. Ал шүкір етушілерді сүйеді және олардан разы болады. Бұл жайлы «Зүмәр» сүресінің 7- аятында Алла Тағала былай үкім берген:

إِن تَكْفُرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنكُمْ وَلَا يَرْضَى لِعِبَادِهِ الْكُفْرَ وَإِن تَشْكُرُوا يَرْضَهُ لَكُمْ  }  

«Егер сендер кәпір болсаңдар, әлбетте Алла сендерден бай (сендерге ешбір мүқтаждығы жоқ) және Ол өз пенделерінің күпірлігіне разы болмайды. Ал егер шүкір етсеңдер сендерден разы болады».

Ал негізінде шүкіршілік ету пенденің өзі үшін, яғни оның өз игілігі үшін қажет екендігі, сондай-ақ Алла Тағала олардың өздеріне де, олардық құлшылығына да мұқтаж еместігі жайлы басқа да аяттарда ашық айтылған. Сондай аяттарға және бір мысал «Лұқман» сүресінің 12-аяты, онда:  

{ وَلَقَدْ آتَيْنَا لُقْمَانَ الْحِكْمَةَ أَنِ اشْكُرْ لِلَّهِ وَمَن يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ }  

«Біз Лұқманға хикмет сыйлық еттік (сөйтіп оған бұйырдық): «Аллаға шүкіршілік ет! Кімде-кім шүкіршілік етсе, тек өзі үшін шүкіршілік етеді. Кімде-кім қарсылық жасаса (шүкірсіздік танытса), әлбетте, Алла бай (ешкімге мұқтаж емес), ол (шын мәнінде) мадақ иесі» деп үкім айтылған.

Алла Тағаланың ешкімге мүқтаж еместігі және әрбір пенденің жасаған амалдары тек оның өзіне ғана пайда немесе зиян келтіре алатындығы туралы Әбу Зәрр Әл-ғифари (р.а.) риуаят жасаған хадис құдсиде[8] Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағаладан нақыл етіп былай деген:

  حَدَّثَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ بَهْرَامَ الدَّارِمِيُّ حَدَّثَنَا مَرْوَانُ يَعْنِي ابْنَ مُحَمَّدٍ الدِّمَشْقِيَّ حَدَّثَنَا سَعِيدُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ عَنْ رَبِيعَةَ بْنِ يَزِيدَ عَنْ أَبِي إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيِّ عَنْ أَبِي ذَرٍّ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِيمَا رَوَى عَنِ اللَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى أَنَّهُ قَالَ يَا عِبَادِي إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّمًا فَلَا تَظَالَمُوا يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ ضَالٌّ إِلَّا مَنْ هَدَيْتُهُ فَاسْتَهْدُونِي أَهْدِكُمْ يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ جَائِعٌ إِلَّا مَنْ أَطْعَمْتُهُ فَاسْتَطْعِمُونِي أُطْعِمْكُمْ يَا عِبَادِي كُلُّكُمْ عَارٍ إِلَّا مَنْ كَسَوْتُهُ فَاسْتَكْسُونِي أَكْسُكُمْ يَا عِبَادِي إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَأَنَا أَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا فَاسْتَغْفِرُونِي أَغْفِرْ لَكُمْ يَا عِبَادِي إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغُوا ضَرِّي فَتَضُرُّونِي وَلَنْ تَبْلُغُوا نَفْعِي فَتَنْفَعُونِي يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا زَادَ ذَلِكَ فِي مُلْكِي شَيْئًا يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِنْ مُلْكِي شَيْئًا يَا عِبَادِي لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ قَامُوا فِي صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَأَلُونِي فَأَعْطَيْتُ كُلَّ إِنْسَانٍ مَسْأَلَتَهُ مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِي إِلَّا كَمَا يَنْقُصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ يَا عِبَادِي إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ ثُمَّ أُوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا فَمَنْ وَجَدَ خَيْرًا فَلْيَحْمَدِ اللَّهَ وَمَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ فَلَا يَلُومَنَّ إِلَّا نَفْسَهُ قَالَ سَعِيدٌ كَانَ أَبُو إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيُّ إِذَا حَدَّثَ بِهَذَا الْحَدِيثِ جَثَا عَلَى رُكْبَتَيْهِ حَدَّثَنِيهِ أَبُو بَكْرِ بْنُ إِسْحَقَ حَدَّثَنَا أَبُو مُسْهِرٍ حَدَّثَنَا سَعِيدُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ بِهَذَا الْإِسْنَادِ غَيْرَ أَنَّ مَرْوَانَ أَتَمُّهُمَا حَدِيثًا قَالَ أَبُو إِسْحَقَ حَدَّثَنَا بِهَذَا الْحَدِيثِ الْحَسَنُ وَالْحُسَيْنُ ابْنَا بِشْرٍ وَمُحَمَّدُ بْنُ يَحْيَى قَالُوا حَدَّثَنَا أَبُو مُسْهِرٍ فَذَكَرُوا الْحَدِيثَ بِطُولِهِ حَدَّثَنَا إِسْحَقُ بْنُ إِبْرَاهِيمَ وَمُحَمَّدُ بْنُ الْمُثَنَّى كِلَاهُمَا عَنْ عَبْدِ الصَّمَدِ بْنِ عَبْدِ الْوَارِثِ حَدَّثَنَا هَمَّامٌ حَدَّثَنَا قَتَادَةُ عَنْ أَبِي قِلَابَةَ عَنْ أَبِي أَسْمَاءَ عَنْ أَبِي ذَرٍّ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِيمَا يَرْوِي عَنْ رَبِّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى إِنِّي حَرَّمْتُ عَلَى نَفْسِي الظُّلْمَ وَعَلَى عِبَادِي فَلَا تَظَالَمُوا وَسَاقَ الْحَدِيثَ بِنَحْوِهِ وَحَدِيثُ أَبِي إِدْرِيسَ الَّذِي ذَكَرْنَاهُ أَتَمُّ مِنْ  هَذَا   (مسلم, الترمزي, ابن ماجة, احمد)

«Алла Тағала айтады: "Ей, пенделерім, Мен зұлымдық жасауды өзіме қош (лайық) көрмедім(зұлымдық жасамаймын). Сондықтан, оны сендердің араларыңда да арам қылдым! Бір-біріңе зұлымдық жасамаңдар! Ей, құлдарым, Мен тура жолды нәсіп қылғандарымнан өзгенің баршасы залалатта (қараңғылықта, адасуда, зиян шегуде)Сондықтан, Менен хидаят (тура жол) тілеңдер. Сонда сендерді хидаятқа бастаймынЕй, құлдарым! Мен тойындырғаннанөзгенің баршасы ашСол үшін менен ас-тағам тілеңдер. Мен тойындырамын. Ей, пенделерім,Мен киіндіргенімнен өзгенің баршасы жалаңашМенен киім-кешек тілеңдер. Мен сендердікиіндіремін. Ей, құлдарым, ешбір шүбә жоқ, сендер күні-түні (үнемі) қателік жасайсыңдар.Күнәларыңды кешіріп, мағфирет ететін (рақымшылдық жасайтын) - Мен. Менен мағфирет(рақымшылдық) тілеңдер, сендерді мағфирет етейін. Ей, пенделерім, Маған зиян жеткізу(келтіру) қолдарыңнан келмейдіМаған мүлдем зарар (зиян) жеткізе алмайсыңдар. Маған көмек беруге де шамаларың келмейді. Маған пайдаларың да тимейді. Ей, пенделерім, алғашқыларыңнан бастап ең соңғыларыңа дейін, адамдармен қоса перілерің бірлесе отырып,ең тура жолда жүрген адамның жүрегін иеленген болсаңдар (баршаң ең тура жолда жүрген адамдай, жүректерің айнадай таза, мінсіз болсаңдар) да, бұл  жағдай Менің мүлікімді тозаң құрлы молайта алмайды. Ей, пенделерім, алғашқыларыңнан бастап ең соңғыларыңа дейін, адамдармен қоса перілерің бірлесе отырып, ең күнәһар адамның жүрегін иеленген болсаңдар (баршаң ең ауыр күнәларды арқалаған адамдай, ізгілік атаулыдан махрум – қара ниет, тасбауыр болсаңдар да)бұл жағдай Менің мүлікімді тозаң құрлы азайта алмайды. Ей, пенделерім, алғашқыларыңнан бастап ең соңғыларыңа дейін, адамдармен қоса перілер бәрің жабыла Менен жарылқау тілесеңдер, сөйтіп, Мен әрбіріңнің (баршаңның) тілегіңді берсем, бұл жағдай Менің мүлікімді инені теңізге батырып алғандағыдай да өзгеріске ұшырата алмайды. Ей, пенделерім, барша істегендерің - өз амалдарың. Әлбетте, олар өздерің үшін жазылып қойылған. Сосын (ақырет күні әркімнің) есесін толық (жақсылығына лайық сыйлық, жамандығына лайық азап) беремін. Кімде-кім жақсылық тапса (яғни бір жақсы амал істеген болса), Аллаға хамд (мадақ) айтсын. Ал егер кім одан басқаны (жамандықты) тапса, өзінен басқаны айыптамасын». 

Міне бұл хадис құдсиде айтылғандай Алла Тағала ешкімге мұқтаж емес. Және әрбір пенденің жасаған амалы тек оның өзі үшін ғана пайда немесе зиян келтіре алады.

Сондай-ақ, тағы бір мәселе: Алла Тағаланың сыйлаған нығметтеріне шүкіршілік етпеу пендені үлкен қиындықтар мен азаптарға тап қылады.

«Ағраф» сүресінің 58- аятында:

«Жақсы (көркем) елдің (жері құнарлы болса да, құнарсыз болса да оның)өсімдігі Раббының қалауы бойынша (берекелі өніп) шығады. Ал, жаман елдіңөсімдігі (құнарлы жердің өзінде) қиындықпен (мардымсыз) шығады. Шүкіршілік етуші қауым үшін (шүкіршілік етуші ел мен шүкіршілік етпейтін елдің мысалы түсінікті болуы үшін) аяттарымызды осылайша тарқатып баян етеміз»

- делінген. Бұл аятқа әйгілі де, атақты тәпсір кітаптарында осылай түсініктеме берілген. Аяттағы: «Жақсы (көркем) елдің (жері құнарлы болса да, құнарсыз болса да оның) өсімдігі Раббының қалауы бойынша (берекелі өніп) шығады» деген үкім «шүкіршілік етуші елдің» белгілерінің бірі. Ал, енді аяттағы: «жаман елдің өсімдігі (құнарлы жердің өзінде) қиындықпен(мардымсыз) шығады» деген үкім шүкіршілік етпейтін елдің белгілері жайлы айтылған. Сондай-ақ шүкіршілік етуші ел мен шүкіршілік етпейтін елдің белгілері туралы «Нахл» сүресінің 112- аятында былай баяндалған: «Алла (үлгі ретінде, елі Бәйтулланың шарапатынан)бейбіт, жайбарақат (өмір сүрген) бір шаһарды (Мекке елін) мысалға келтіреді. Оның (елінің)ырзығы әртараптан ағыл-тегіл келіп жататын еді. Ал, (бірақ, оның елі) Алланың нығметіне күпірлік жасады (шүкірлік етпеді). Сонда Алла олардың жасаған нәрселері (шүкірлік етпегендері) себепті, оған ашаршылық пен қауіп-қатер киімін (бәлесін) кидіріп, таршылыққа салып қойды» деп үкім берілген.

    Және Алланың сыйлық еткен жақсылығы мен нығметтеріне шүкіршілік жасау қажеттілігі туралы "Әнфал" сүресінің 53- аятында да айтылған. Онда Алладан сыйлық етілген нығметтерге шүкіршілік етудің орнына, өздеріндегі жақсы жағдайды өзгертіп, Алланың қаһарына тап болған қауым туралы: "Бұл (жазалардың себебі) Алланың бір қауымға сыйлық еткен нығметін, қашан олар өздеріндегі (жақсы) нәрсені (жақсы жағдайды жаман жаққа) өзгертпейінше (Алла олардың жақсы жағдайларын жаманға) өзгертуші болмады. Әлбетте, Алла есітуші, білгір зат"деп үкім берілген.

   Аятта ашық айтылғанындай, қайбір елде болсын қалыптасқан жақсы, мамыражай жағдайға шүкіршілік етудің орнына оны өзгертуге бағытталған әрекет міндетті түрде жағдайдың нашарлауына апарып соқтырады. Сондықтан, мұсылмандар өз еліндегі мамыражай жағдайдың қадіріне жетіп, осындай жақсылыққа жеткізгені үшін Аллаға шүкір етулері қажет. Әйтпесе, Алла тағала оларға қасарысқандарының жазасы ретінде түрлі бәлелер мен азаптарға ұшыратуы мүмкін. Бұл жайлы Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 7-аятында:

 { وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ } ( إبراهيم: 7) . 

Және Раббың жариялаған сөздерін естеңдер: «Ант етемін, егер (берген нығметтеріме) шүкір етсеңдер, әлбетте сендерге (нығметтерімді) арттыра беремін. Ал егер қарсылық жасасаңдар (шүкіршілік етпесеңдер), әлбетте азабым өте қатты" деп үкім жариялаған.

Енді тағы бір мәселе: Адамдардың адамдарға жасаған жақсылықтары үшін шүкіршілік етулері де Аллаға шүкіршілік ету болып табылады. Бұл туралы Әбу Хурайра (р.а.) хазіреті Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етіп былай деген:

وورد في رواية الترمذي عن أبي هريرة رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: مَنْ لمْ يشْكُر النَّاسَ لَمْ يشْكُر الله (رواه الترمذي: حديث حسن صحيح).

«Кімде-кім адамдарға шүкіршілік етпеді (етпесе), ол Аллаға шүкіршілік етпеді»[9].

Осы хадистің басқа бір мәтінінде:    

عن أبي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: لا يَشْكُرُ اللَّهَ مَنْ لا يَشْكُرُ النَّاسَ (رواه أحمد وأبو داود والبخاري في الأدب المفرد وابن حبان).

«Кімде-кім адамдарға шүкіршілік етпейтін болса, ол Аллаға шүкіршілік етпейді» делінген.
Міне, мәлім болғанындай, адамдардың жақсылығына шүкіршілік ету Аллаға шүкіршілік ету болып табылады. Ал адамдардың жақсылығына шүкіршілік етпеу Аллаға шүкіршілік етпеу болып табылады. Осы мәселеге қатысты «Алты бармақ» кітабында бір өнегелі мысал келтірілген: Мысал (Мәсел). «Бір күні сая (көлеңке) өз ағашына: «Мен сенің бірге туылған серігің, әрі айырылмас көршідей болған сәтте екеуміз бірге дүниеге келдік, бірге өсіп, ұлғайып келеміз. Бірақ, сен сараңдық жасап, үнемі мені кемсітесің: қалай күннің жүзін көрейін десем, маған бөгет болып, күннің жүзін көрсетпейсің. Тіпті, күннің өзі әркез мен жаққа қарай ауса болғаны, сен дереу сол тараптан перде болып шыға келесің» – деді. Көлеңкенің бұл сөзіне ағаш былай деп жауап берді: «Ей, көлеңке, мен саған бөгет жасайтын сараң емеспін. Негізінде, менің үнемі күнді көріп тұратындығым, ол менің күндіз де, түнде де тік тұратындығымда. Ал сен болсаң үнемі жамбастап дем алып жатасың, солай болған соң сен күннің жүзін қалай көрмек боласың»? – дейді».

Ғұламалар бұл мысалдың хикметті мағынасы жайлы былайша түсініктемелер айтады:

  1. Мұндағы ағаш - әке мен ана, ал көлеңке әке мен ананың жақсылығын білмеген немесе ұмытқан, шүкіршілік етпеген перзент туралы айтылған.
  2. Мұндағы ағаш - ұстаз, ал көлеңке ұстаздың жақсылығын білмеген немесе ұмытқан, шүкіршілігі жоқ шәкірт.
  3. Мұндағы ағаш – әділ патша, ал көлеңке әділ патшаның жақсылықтарын білмеген немесе ұмытқан, шүкіршілігі жоқ опасыз уәзірлер мен нөкерлер туралы айтылған.

Бұл аталғандардың үш түрі де адамдардың жақсылықтарына шүкіршілік етпейтін, сол себепті Аллаға да шүкіршілік етпейтін опасыз адамдардың қатарына жатады. Айта берсе, бұдан да басқа көптеген мысалдар келтіруге болады. Дегенмен ой толғайтын қауым үшін осы келтірілген мысалдар мен дәлелдердің өзі де жеткілікті. Ең бастысы жазылғандарды мұқият оқу, сосын ықыласпен амал жасау!

 Жаратқанның өзі жар болсын, тура жолдан адастырмасын, әмин!

Зәріпбай Ораз

Ғұламалар Кеңесінің мүшесі

[1] «Нәхл» сүресі 53-аят.
[2] «Нәхл» сүресі 18-аят.
[3] Хадисті Мүслим риуаят еткен
[4] Хадисті Тирмизи мен Ибн Мажә риуаят еткен
[5] «Нәхл» сүресі 120-121-аяттар.
[6] Хадисті Бұхари мен Мүслим риуаят еткен.
[7] «Ағраф» сүресі 10-аят.
[8] Хадис «Сахих Мүслим», «Сүнән Тирмизи», «Сүнән Ибн Мажа», «Мүснәд Әхмәд» кітаптарында келтірілген.        
[9] Хадисті Тирмизи келтірген.
 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз