Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?

09 Jun 2015 0 comment Оқылды: 1040 рет

 Әрбір ер адам өзінің мінез-құлқымен, әдетімен, өмірге деген көзқарасымен ерекшеленеді. Әйелі күйеуінің нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын білуі тиіс. Күйеуіңіздің көңілінен шығып, арадағы сүйіспеншілікті арттыру үшін нені есте сақтаған жөн?

       Аштық.

       Жұмыстан соң: «...дәмді бірнәрсе дайындап қойған болар» деген оймен асығып үйіне келген күйеуі ештеңе дайындалмағанын көрсе, әлбетте, ашуланады. Сондықтан, асты уақытылы әрі дәмді етіп дайындасаңыз, жарыңыздың көңілінен шығасыз.

       Балаларына, үй шаруасына көңіл бөлмеу.

        Есіңізде болсын, жиналмаған үй, күтім көрмеген балаларыңызды көрген жұбайыңыз екінші рет үйге асығып келуі екіталай. Оған дайындалмаған асты қосыңыз.

       Ысырапшылдық.

       Жарыңыздың маңдай терімен тапқан табысын оңды-солды жұмсап, болмашы нәрселерді сатып алсаңыз ашуланары сөзсіз. Не нәрсе болса да күйеуіңізбен кеңесіңіз.

       Жақындарымен ренжісу.

       Жұбайыңыздың ата-анасы, аға-әпкесімен сөз таластырып, оларды ренжітсеңіз, жарыңыздың жүрегіне жара салдым дей беріңіз. Сондықтан туыстарымен ара-қатынасыңыз мейлінше жақсы болғаны дұрыс.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз