Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Текелі: Дін мен дәстүр сабақтастығы

16 Oct 2021 0 comment Оқылды: 40 рет

Дәстүріміздің сабақтасып жатқан ұлттық ойындарын келешек жастарға ұрпаққа насихаттау барысында Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы ұйымдастыруымен ұлттық ойын «Көкпар» насихатталды. Көкпар ойынын жүргізуші бапкер Қайролла Рахметтолұлы кезігіп сұқбат жүргізілді. Бапкердің айтуынша 15 жас аралығында жас өспірімдерді жаттықтырып, баптауда. Әрине әр ұлттық ойынның өзіне тән ережесі болады. Ұлттық ойын атауы «көкпар» сөзінің шығу тегіне байланысты ғалымдар арасында пікірлер көп. Бірі – көк және бөрі сөздерімен байланыстырса, енді бірі "көк бөрте" дейді. Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналыпты. Бертін келе қазандыққа бөрінің орнына үш-төрт жасар серке салып ойнау үрдісі қалыптасқан. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарды жастарға насихаттай берейік.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
https://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3737-tekeli-din-men-d-st-r-saba-tasty-y.html#sigProId761d738091

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз