Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Сарқан: Дін мен дәстүр сабақтастығы

17 Oct 2021 0 comment Оқылды: 67 рет

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.

ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі халықты дінмен бірге дәстүрді толық үйренуге насихаттап келеді. 

Осы орайда, Сарқан ауданына қарасты, Бақалы ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен мектептегі оқушы балалар арасында асық атудан жарыс өтті. Жарысқа 10 оқушы қатысып, жеңімпаздарға силықтар мен мақтау қағаздары берілді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
https://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3738-sar-an-din-men-d-st-r-saba-tasty-y.html#sigProId0376959cd6

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз