Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тәубе ету

21 May 2021 0 comment Оқылды: 236 рет
 
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Адамның жасаған күнәсі немесе қателігі үшін өкініш білдіре отырып, Ұлы жаратушыдан кешірім сұрауы. 《Уа иман еткендер ! ( Күнәларыңа шын жүректен өкініш білдіріп, Алла тағалаға шынайы түрде тәубе етіңдер 》Тахрим сүресі 8 аят. 《 Пайғамбарымыз Мұхаммет ( с.ғ.с.) Алланың атымен ант етейін, мен күн сайын жетпіс реттен аса Алладан жарылқау тілеп, тәубе етемін 》деп айтқан бұл хадистен Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с.) Аллаhтан жарылқау тілеп, тәубе етуі , біздің тәубемізге ұқсамайды, өйткені ол күнә атаулыдан пәк. Ал күніне сан рет тәубе етіп жарылқау тілеуінің басты себебі, өзінің құлшылығын азсынуы әрі соңынан ерген үмбетіне үлгі-өнеге болуы. Сол себепті адам баласы кез келген уақытта Алладан тәубе етіп жүрген абзал. Алла елшісінің ( саллаллаhу аләйhи уә сәлләм ) қызметшісі Әнас ибн мәлик (р.а) 《 Пайғамбарымыз с.ғ.с.) Құлы тәубеге келгендегі Алла тағаланың қуанышы қайсы біреулеріңнің шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан әлдеқайда артық》деп айтты деген. Сол үшін адам, қателесіп тәубе етіп, жарылқау тілесе, Алла тағала қатты қуанып кешірім қолын созып кешіреді.
 
Талдықорған қалалық "Тәубе" мешіттің найб имамы Нұқтарұлы Бердібек
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз